Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 461–465 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461–465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 461,5–464,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 462,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,89 теңгеден сатылып жатыр.
