Жаңбыр, тұман, жел: 12 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай соғады.

Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша екпінді жел, солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, елордада 12 қыркүйекте көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз ауа температурасы +13 + 15 градус жылы.

Алматыда бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыс, 3-8, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз ауа температурасы +19 + 21 градус жылы.

12 қыркүйекте Шымкентте жел батыстан, 8-13, түнде екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы +23 + 25 градус жылы болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да