3 тамызға арналған валюта бағамы белгіленді

2023 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкентте долларды, еуроны және рубльді орташа сатып алу-сату бағамы бойынша деректер ұсынылды.

Ұлттық банктің мәліметінше, доллар бағамы — 443,66 теңге, еуро — 487,09 теңге, рубль — 4,77 теңге.

Астанада айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 445,5 теңге, сату – 449,5 теңге. Еуроны орташа сатып алу – 485 теңге, сату – 491 теңге. Рубльді орташа сатып алу – 4,7 теңге, сату – 4,87 теңге.

Алматыда айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 444 теңге, сату – 447 теңге. Еуроны сатып алудың орташа бағамы 487 теңге, сату – 491,5 теңге. Рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,65 теңге, сату – 4,87 теңге.

Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 446 теңге, сату – 447 теңге. Еуроны орташа сатып алу – 487 теңге, сату – 492 теңге. Рубльді орташа сатып алу – 4,7 теңге, сату – 4,83 теңге.