Номиналы 200 теңгелік банкноталармен төлеуге бола ма? Ұлттық банк жауап берді

Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Ұлттық банк олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл туралы банктің ресми сайты жазды.

Банк 200 теңгелік банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті екенін хабарлады.

«Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді», — делінген хабарламада.

Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын да жазды.

Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады.