Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мыңға жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-і қазақ тілінде, 25%-і орыс тілінде, 0,1%-і ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 78%-ке жуық талапкер жинады.
ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада ЖОО қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайды. Сонымен қатар «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтауға» түсушілер үшін міндетті болатын емтихандар басталды. ЖОО-лар 7 шілдеге дейін шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштерді қабылдап, емтихандардың өзін 8-15 шілде аралығында өткізеді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында болады. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, — деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
