Елімізде 24-26 маусым аралығында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 24-26 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұршақ жаууы мүмкін.

26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік болады, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да