Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды Азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.

Ашық үкімет порталында «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы жария талқыға шығарылды.

Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.