Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 447–450 теңге аралығында құбылып тұр.

20 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге өсіп, 448,30 теңге болған.

Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,33 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,21–5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,35теңгеден сатылып жатыр.