Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентін әуежайдан шығарып салды

Мемлекет басшысы Германияның Федералды президентін әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары одан әрі Маңғыстау облысында жалғасады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылғы 19 маусым күні Қазақстанға Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді.

Сапарда екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.