Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 16 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 451,82 теңге, Ресей рублі – 5,39 теңге.

15 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге өсіп, 451,85 теңге болған. Ресей валютасы 5,37 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,5–454,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,5–452,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,29–5,53 теңгеге, Астанада 5,34–5,44 теңгеге сатып алуға болады.