Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен босатылды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Даниал Ахметов 1954 жылғы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы минералды ресурстар академиясының академигі.

ШҚО әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ол түрлі қызметтер атқарған. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының премьер-министрі (13.06.2003-08.01.2007 жж); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрi (10.01.2007-17.06.2009 жж.), энергетика және инфрақұрылым министрі (2012-11.2014 жж.);

Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2014 жылғы 11 қарашада тағайындалды. Ал 2022 жылғы 7 желтоқсанда осы өңірдің әкімі қызметіне қайта тағайындалған.