Өткен тәулікте 44 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 44 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

13 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 793 адам коронавирус инфекциясынан (–1 618+ және 175 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 663 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.