Партиялар арасындағы кезекті пікірталас тартысты өтті

Сайлау науқаны аясындағы саяси дода – партиялар арасындағы кезекті пікірталас тартысты өтті. Бұл жолы дебат қатаң модерацияның ықпалымен, алғашқы ұйымдастырылған пікірталасқа қарағанда қызықты әрі мазмұнды болды.

Дебатты тарқата талдаған саясаттанушы Елдос Жұмағұлов бұл жолы дебаттың ұрандардан қарағанда саяси дискуссия басымдылығымен тартымды болғанына назар аударды. Сонымен қатар қарсыластардың әрқайсысының сөз саптауына баға бере келе, өзін сенімді ұстаған спикер ретінде AMANAT партиясынан Айдос Сарымды ерекше атап өтті. Оның сұрақ-жауап кезеңінде де өзін тиімді тұсынан көрсете алғанын айтты.

Елдос Жұмағұлов бұл кезеңнен байқағанын нақты мысал ретінде келтірді: «Айдос мырза Динара ханымға Respublica партиясында көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар қарастырылмағаны туралы орынды сұрақ қойды. Асхат мырзаның рейтингілер бойынша сұрағына Айдекең біраз жыл сайлауға қатыспай іштеріңізде жиналған шерді тарқатып жатырсыздар ма деп түйреп өтті».

Елдос Жұмағұловтың пікірінше, пікірсайыс кезінде партиялар өзін жариялауға,  саяси ұстанымын егжей-тегжейлі талқылауға және басқа партиялардан, олардың ұсынған кандидаттарынан ерекшеленуге мүмкіндік алады.

«Аманаттың парламенттік коалициясы 2 жылда 195 заң жобасын ұсынып, істің партиясы екеніне дерек келтірді» деген Елдос Жұмағұлов Айдос Сарымның өзге партиялардың бағыты мен бағдарламаларындағы сәйкессіздікті де байқап қойғанына көңіл аударды.

Ауыл партиясына қойылған сұрақта Айдос мырза не себептен партияның бағдарламасында ауылдың мәдениеті және білім саласына қатысты нақты ұсыныстар болмағанына байланысты болды. Жигули мырза ұрандатып жауаптан сырғып кетті. Ал Байтақ партиясына көмірді энергетикада пайдалануға байланысты популистік ұсынысқа байланысты болды. Бұл жерде де жауап емес керісінше кінәлау естіп кеттік, — деді Елдос Жұмағұлов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да