Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Денис Никиша 500 метр қашықтықта ширек және жартылай финал сайыстарын сәтті өткізді. Сөйтіп ол А финалында өнер көрсетуге жолдама алды. Денис бес спортшымен бірге біріншілік жүлделерін сарапқа салады.

Осыған дейін бірде-бір қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатында жүлдеге іліккен емес.

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынап жатыр.

Сайысқа қатысатын ерлер құрамасында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван бар.

Ал әйелдер құрамасында Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек сайысқа түсіп жатыр.

10 наурызда басталған дода 12 наурыз күні аяқталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да