БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Қазақстанға келеді

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13 наурыздан бастап Орталық Азиядағы екі елдің арнайы шақыртуымен Өзбекстан мен Қазақстанға келеді.

Жоғарғы комиссар жұмыс бабымен Қазақстанда 16-17 наурыз аралығында болады. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалармен, омбудсмендермен, БҰҰ қызметкерлерімен және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен кездеседі.

Фолькер Тюрк  Астанада адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді.