Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адам сотталды

Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының бас офисі Алматыда орналасқан, өңірлерде де 12 филиалы жұмыс істеген.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, AMAZON (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар процент түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда табады деп уәде етілген.

Соның салдарынан компания 6 миллиард теңгеден астам сомаға 1 345 азаматқа залал келтірген. Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, компанияның бас офисі мен филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдеді.

Нәтижесінде Бостандық аудандық соты үкімі шығарып, 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады, — делінген хабарламада.