Түркияда қаза болған екі қазақстандық Алматыға жеткізілді

Қаза болған отандастарымыздың мәйіті Антакья қаласынан Анталияға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алды, — деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сәбина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбіде қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да