Шахматтан халықаралық Konaev CUP-2022 турнирінің қорытындысы шықты

Облыстық шахмат және дойбы федерациясының президенті Саят Егенбердиев айтуынша, өңірде мұндай шара өңірде алғаш рет өтіп отыр.

«Облыс әкімі Қапшағай су қоймасының жағасында шахмат үйін салу идеясын қолдады. Мұнда coworking-орталық, озық IT-технологиялармен жабдықталған кабинеттер, ойын алаңдары болады деп жоспарлап отырмыз. Мұнда облыстың ең мықты жаттықтырушылары шахматтан сабақ береді», — деді Саят Егенбердиев.

Әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова да Қонаевқа бірінші рет келген және ерекше әсер алыпты.

eccdf769a84c1cf93b6d9defd67815ed Шахматтан халықаралық Konaev CUP-2022 турнирінің қорытындысы шықты

«Облыс басшылығының осындай қолдауын ескерсек, шахмат қарқынды  дамиды. Жаңа облыс орталығы Жазда Oceanman Kapchagay жарысына қатысуға дайындалдым, бірақ кестеге байланысты нәтиже бермеді. Келесі жылы міндетті түрде қатысуды жоспарлап отырмын және жаттықтырушымен бірге дайындаламын», — деді Динара Сәдуақасова журналистерге.

Спорттық жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Оның сөзінше, Қонаев спорт ойындарының орталығына айналды.

Содан кейін күні бойы Швейцария жүйесі бойынша спортшылар арасында ойындар өтті, шахматшылар 9 кезеңнен өтуі керек еді. Жалпы жүлде қоры — 4 миллион теңге. Тоғыз кезеңнің қорытындысы бойынша турнирдің бас кубогының және 500 мың теңгеге ақшалай сертификаттың иегері әзірбайжандық шахматшы Аркадий Найдич атанды.

«Біз түрлі халықаралық турнирлерге қатыстық. Оларды салыстыра отырып, мен турнирді жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Біз ойыннан басқа ештеңеге алаңдамадық және бұл осындай іс-шараны өткізуге атсалысқан  барлығының еңбегі. Турнир жыл сайын өтеді деп үміттенемін және осы тамаша турнир туралы естігеннен кейін шахматшылар көбірек қатысады», — деді турнир жеңімпазы.

Айта кетейік, халықаралық турнирді өткізу келесі жылға арналған іс-шаралар күнтізбесіне енгені белгілі болды. Ал облыс басшылығы Қапшағай су қоймасының жағасында шахматшылар аллеясын салуды жоспарлап отыр.