Түркістанда индустриалды аймақтар саны артады

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды.

Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек.

Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны.

Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген.