Кейінгі тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды

4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 619 798.