Елімізде пәтерді жалға беру бағасы төмендей бастады

Мұндай деректі Krisha.kz порталы келтірді.

Портал мәліметінше, жалға берілетін баспана шекараға жақын қалаларда арзандаған: Петропавлда 41%, Ақтөбеде 36%, Павлодар мен Оралда 32%. Астанада жалдамалы пәтер бағасы 22% төмендесе, Алматыда 11% төмендеген.

Елімізде пәтер жалдау орташа есеппен әлі 25% қымбат. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу қыркүйектен бері 28 және 33% жоғары.

Ең қымбат жалдамалы пәтерлер Алматыда — бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге, ал Талдықорғанда ең арзаны — бір бөлмелі пәтер 80 мың теңгеден.