Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды

Министрлік мәліметінше, осы уақытта елде 882 адам коронавирус инфекциясынан (–732+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың арасында 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылғы 26-қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 10 841 992 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 602 948 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны 5 599 809 адамға жетті.