Армения премьер-министрі Қазақстан президентін мерекемен құттықтады

Пашинян құттықтауында президентке алдағы еңбегіне табыс, зор денсаулық, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері айтарлықтай жетістікке жетіп, экономикасы серпінді дамып келе жатқан ел ретінде халықаралық аренада лайықты орны бар мемлекет. Екіжақты және көпжақты, оның ішінде перспективалы жобаларды іске асыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты құру жөніндегі бірлескен күш-жігер екі ел мүддесіне толықтай қызмет ететініне сенім білдіремін», — деді Никол Пашинян.