Доллар арзандап, рубль қымбаттады

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475- 482 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-480 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 477-482 теңге арасында.

26 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 41 теңгеге төмендеп, 477,44 теңге болған.

Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477,37 теңге.

Қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35-7,75 теңге арасында саудаланып жатыр.