«Дос-Мұқасан» фильмінің премьерасы өтті

Фильмді Ефрат Шәріповтің сценарийі бойынша Aray Media Group студиясы түсірген. Актерлік құрам портреттік ұқсастық бойынша таңдалды.

Басты рөлдерді Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев, Айғаным Сағынбаева, Никита Погодаев, Нұрғиса Қуанышбайұлы және Әбілмансұр Серіков сомдады.

Картинаның продюсері Айгүл Байбек, ал музыкалық драманың режиссері — Айдын Сахаман.

Киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.