Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
«Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және ыстық ауа райы қалыптасты. Түнгі уақытта әлі де салқын болғанымен, күн біртіндеп ауаны жылытып, күндіз термометр бағаналары бүкіл Қазақстан бойынша 23-30 градусқа дейін жоғарылайды», — делінген хабарламада.
Тек батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
