2-4 наурыз аралығында қатты аралас жауын-шашынның болжануына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болуы мүмкін.
3 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және Қарағандының өзінде тұман болады. Нұр-Сұлтанды түнде және таңертең тұман басады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болады. Оралда 3 наурыз түнде және таңертең тұман. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Қостанай облысының оңтүстігін, солтүстігін тұман басады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылордада 3 наурызда кей уақытта тұман болады,- делінген хабарламада.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман. Күндіз батыста және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 15-18 метр.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр болады.
Ақтауда күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін.