Алматыда жекеменшік үй өртенді

Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрт Райымбек даңғылы, Галилей көшесі, 38-үйде шыққан. Өртсөндірушілер сағат 15.04-те оқиға орнына аттанып, 15.35-те сөндірілді.

«Жеті минуттан кейін жекеменшік үй мен қораның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көрші үйге өту қаупі болды. Жақын жерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етіліп, өрттің таралу қаупі жойылды», — деді ТЖД өкілдері.