Шығыс Қазақстан ормандарында шөп пен бұта өртеніп жатыр

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Алтай ауданындағы «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығында шөп пен бұта өртеніп жатыр.

Қазіргі уақытта қызыл жалынның жалпы ауданы 400 гектарға жетті. Барлау жасау үшін «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің АН-2 ұшағы іске қосылған.

«Оқиға орнында 300-ге жуық адам және 24 техника тілсіз жаумен күресіп жатыр. Өртті сөндіруге суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден екі рет жалпы көлемі алты тоннадай су шашылды. Департаменттің жедел штабы сол жерде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да