ШҚО-да дала өртінің аумағы 360 гектардан асты

Апаратқа сәйкес, Алтай ауданындағы «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығында шыққан дала өртімен күрес әлі де жалғасып жатыр. Өрт шөп пен бұтаны шарпыған. Таудағы жерлерге жайылған жалынды ауыздықтау қиынға соғып жатыру.

Ондай жерлерге арнайы техника жете алмай жатыр. Соған орай суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Оқиға орнында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, — делінген ақпаратта.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-дан, орманшылардан, жергілікті атқарушы органдардан және «Қазавиаорманқорғау» мекемесінен 340-тан астам адам мен 25 техника тартылды. Алдын ала дерек бойынша оттың жалпы ауданы 367 гектарды құрайды.