Қазақстаннан Тәжікстан мен Өзбекстанға заңсыз бензин шығармақ болғандар анықталды

Бұл тралы брифингте Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департментінің басшысы Арман Жүнісов айтты.

Павлодар облысы аумағынан тыс жерлерге жанар-жағармайды заңсыз әкету бойынша екі деректің жолы кесілді. Бір компания жанармайға қосылатын қоспаны желеу етіп, Тәжікстан мен Өзбекстанға он вагон бензин экспорттамақ болған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қосымша сынамалар алынып, сараптамалар жүргізіліп жатыр, — деді Жүнісов.

Ол тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.