Павлодар облысындағы мектепте өрт шықты: 576 адам эвакуацияланды

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы 28 жалпы орта білім беретін мектептің ғимаратынан шықты. Жалын төрт қабатты білім ордасының екінші қабатында басталған. Шамамен ол жерде 200 шаршы метр алаң бар.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1975 жылғы мұғалім зардап шекті. Ол газдан уланды. Қазір мұғалімге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт сөндірушілер келгенше 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 оқушы бар.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері жұмыс істеп жатыр. От әлі сөндірілген жоқ. Өрттің себебі мен залалы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.