Қазақстанда мұнай өндірісі артады

Бағаны болжау ең бір баянсыз шаруа шығар. Оны өздеріңіз білесіздер. Бірақ обьективті түрде кейінгі жылдары болған оқиғаларды ескеріп көруге болады. Бағаның құлдырап түскенін де көрдік. Пандемия кезінде байланыстар бұзылып, артығымен өндіру тіркелген еді. Ұсыныс сұраныстан асып кеткендіктен баға да құлдырап кетті, — деді ол.

Оның айтуынша, қазір сол кездегі төмен тұтыну межесінен біртіндеп шығу байқалып отыр.

Әлемде болып жатқан кейбір жағдайларға байланысты да мұнай тұтыну артып келеді. Баға бір барреліне 100 доллардан қалыптасып отыр. Бұл мұнай өндірушілер үшін жайлы баға. Алдағы 1-2 жылда мұнай бағасы барреліне 100 доллардың айналасында болатын шығар деп топшылаймыз. Бұл менің қазіргі жағдайға қарап шығарып отырған жеке пайымым, – деді министр.