Елена Рыбакина Сан-Хоседегі турнирге қатысады

1 тамызда басталатын бұл турнирге Рыбакинамен қоса «Уимблдон» финалында оның қарсыласы болған тунистік Онс Жабер қатысады. Сонымен бірге Наоми Осака «Ролан Гарростан» кейін алғаш рет кортқа оралады.

Еске салайық, 9 шілдеде Елена Рыбакина теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстан теннисшісі Уимблдон турнирінің финалында дүниежүзінің екінші ракеткасы, тунистік спортшы Онс Жаберменді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Елена Рыбакина — Уимблдон турнирін жеңген алғашқы қазақстандық спортшы, ол WTA рейтингінде 23-орында тұр.

Елена Рыбакина Мәскеуде туған, 2018 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.