Президент сынынан кейін экология министрі отставкаға кете ме?

Бұған қатысты мен шешім қабылдамаймын. Отставкаға жіберу туралы шешімді ел басшылығы қабылдайды, — деп жауап берді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 14 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрінің минералдық ресурстар деректерінің цифрлық банкін құру және киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды. Президент киіктер санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті.