Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Кейінгі екі аптада науқастардың саны 30% артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты.
Сонымен қатар ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал, — деді президент.
