Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі — Нұрсұлтан Назарбаев

«Мен өзiм қызметтiң барлық сатысынан өттiм. Бөлiмде 15 адам отырса, бар жұмысты 3-ақ адам iстейдi. Қалғаны қалам ғана ұстауды бiледi. Бiлемiз ғой бәрiмiз. Осынша адамды ұстап қажетi қанша? Оларды жұмыстан шығарып, жалақысын жақсы жұмыс iстейтiн қызметшiлерге бөлiп беру керек. Сонда бiлiктi адамдарды таңдап алуға мүмкiндiк болады», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, министрлер мен әкiмдердiң жұмысшыларды қысқартуға мүмкiндiктері бар.

«Б» корпусында аттестация жүрiп жатыр. Жаңағы айтылған мәселенi әрбiр министр, әкiм жүзеге асыра алады. Яғни, жұмыс iстемейтiн қызметкерлердi босатып, оның жалақысын қалдырып, сол арқылы жұмыс iстейтiн азаматтардың жалақысын арттыруға болады», — дедi Қайрат Қожамжаров.

Агенттік төрағасының айтуынша, мемлекеттiк қызметтегi 100 мыңдай орынның бүгiнде 17-18 пайыздайы бос тұр.

«Мен мiндеттi түрде бос 18 мың орынның барлығын қысқартып таста деп отырған жоқпын. Оның iшiнде таба алмай жүрген керектi адамдардың орны бар шығар. Сонда да қысқартуға болатындарды қысқартып, жалақысын қалдыру керек. Әкiмдер мен министрлерге жақсы жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң арасында бөлiп беруге рұқсат берiп, жалақыны көтеру керек», — дедi Елбасы.

Президент болашақта мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын бизнестегi деңгейге жеткiзу көзделiп отырғанын айтты.

«Бұл жемқорлықпен күрес. 5 институттық реформа аясында мемлекеттiк қызметшiлердiң табысы бойынша әлi жеткен жоқпыз. Жағдай түзелгеннен кейiн оны жасаймыз, көтеремiз. Мақсатымыз — мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын бизнестегi деңгейге жеткiзу. Сонда қояды. Бiрақ қазақ қоймайды-ау. Қанша берсең де, аз болады», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейiк, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Жиында кезінде бірқатар түйiткiлдi мәселелер көтерiліп, алдағы жұмысты айқындап, үкiмет мүшелерiне тапсырмалар берілдi.

ДереккөзBaq.kz

3 пікір

  1. Мен өз басым 17 жыл бас маман болып қызмет еттім. Жалақым 63 мыңнан аспай-ақ қойды. Сонан соң амалсыз мемлекеттік қызметті тастауыма тура келді. Өйткені әділдік жоқ екенін түсіндім. Бар ауыр жұмыс менде. Қалғандар компьютер ойынын ойнап күнін өткізеді. Немесе көше тазалау жұмысына шығып күнін өткізеді. Ал мен азаннан кешке дейін компьютер алдында жұмыс істеумен шаршаймын. Келген тексеру менен қайтады. Сонан соң амалсыз кетуге тура келді. Шындығын айтқанда денсаулық та бұзылды, шаршадым да, әрі ұятсыз комиссияларға ақша жиып беруден шаршадым.

  2. Жоғарыдағы пікірге толық қосыламын. Мемлекеттік қызметкелердің жалақысын көтеру керек дейді,сонда сол қызметкерлердің қапылып,жұмыс жасап жатқанын көрген емеспін. Мысалы;Аудандардағы ветеринариялық бөлімдерде 5-6 бас маманның атқаратын жұмыстарында 12-15 бас мамандар жүр. Олардың көбісі өздерінің не істеп жүргендерін білмейді.Қазақстан бойынша бұлар қанша бас мамандар болады.Бұл сонда кімге керек !

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да