Алматыда жасырын есірткі зертханасы табылды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 2 келі мефедрон, есірткі және психотроп заттарды өндіруде, дайындауда, қайта өңдеуде жиі қолданылатын прекурсорлардың ірі партиясын тәркіледі.

Сонымен қатар, зертханалық жабдықтар мен химиялық қорғаныс құралдары тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену және олардың аналогтарын сақтау және тасымалдау»,- делінген хабарламада.