Ұлттық қордан түскен ақшаны Есеп комитеті бақылайды

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова ұлттық қор аударымдарының игерілуін бағалау үшін тексерулер мен сараптамалық-талдау шараларын жүргізетіндерін айтты.

Әрине, қазіргі жағдайда ұлттық қордың қаражаты сұранысқа ие болуы мүмкін. Дегенмен салықтық әкімшілендіру сапасын арттыру, квазимемлекеттік сектор субъектілерін реформалау және жекешелендіру өте қомақты ресурстарды қамтамасыз ете алады,- делінген Есеп комитетінің хабарламасында.

Қазақстан бюджет тапшылығын кезең-кезеңімен азайтып, ұлттық қордан түсетін трансферттер көлемін қысқартуды жоспарлап отыр.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2022 жылы кепілдендірілген трансферт көлемі 2,4 триллион теңге болды.