Алматы метросында екі ер адам жасөспірімді тапаншамен қорқытып, соққыға жықты

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал салдарынан 20 жастағы жас жігіт жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыласын қорқытқан тапанша тәркіленді. Тапаншаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тексеру кешенінің қорытындысына қарай күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

220123181207346e Алматы метросында екі ер адам жасөспірімді тапаншамен қорқытып, соққыға жықты

Метродағы төбелесті куәгерлердің бірі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да