«Сөз беремін». Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты

Ақаорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, мемлекет басшысы қайғыра көңіл айтып, отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жасалатынын айтты.

1641986892 KZ1 4496 "Сөз беремін". Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты
Фото: Akorda.kz

Олар халқымыздың қауіпсіздігі үшін, еліміздің болашағы үшін өз жанын құрбан еткен нағыз батырлар. Біз олардың ерлігіне тәнтіміз, ешқашан ұмытпаймыз. Олар халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Отбасыларыңыз назардан тыс қалмайтынына сөз беремін. Баспана болсын, балалардың оқуы болсын барлық мәселеге әрқашанда көмек береміз, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен батырлығы мен жанкештілігі, мемлекет мүддесін қорғау барысында көрсеткен ерліктері үшін біріне жар, біріне әке болған марқұмдарға берілген наградаларды туған-туыстарына табыс етті.

1641986921 KZ1 4517 "Сөз беремін". Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты
Фото: Akorda.kz

Атап айтқанда, ҰҚК Шекара қызметі академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдиновтің жары мен ұлына II дәрежелі «Айбын» ордені, Алматының Алмалы ауданы полиция басқармасының полиция-жүргізушісі Әлен Асылхановтың жарына, сонымен бірге Алматының Алмалы ауданы полиция басқармасының полиция-жүргізушісі Ринат Камбетовтің жарына III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Содырлар қолынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары бұдан былай біздің елімізде дәл осындай қайғылы оқиғаның болмайтынына сенім білдірді.

1641986963 KZ1 4544 "Сөз беремін". Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты
Фото: Akorda.kz
1641987003 KZ1 4486 "Сөз беремін". Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты
Фото: Akorda.kz
1641987039 KZ1 4410 "Сөз беремін". Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты
Фото: Akorda.kz
1641987178 KZ1 4406 "Сөз беремін". Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты
Фото: Akorda.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да