Тоқаев Алматының қалпына келуі туралы: Бұл — президент және азамат ретінде парызым

Өздеріңізге мәлім, Алматы — менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл — менің президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл — өте үлкен жұмыс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жедел штаб отырысында.

Айта кетейік, бүгін, 12 қаңтарда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ол жедел штаб отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы сонымен бірге ертең, 13 қаңтарда ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталатынын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да