ForteBank басқарманың жаңа төрағасы тағайындалғанын хабарлайды

ForteBank-тің директорлар кеңесі басқарма төрағасының кандидатурасын мақұлдады. Басқарма төрағасы болып Рейнис Рубенис тағайындалады.

2021 жылғы 1 тамыздан бастап басқарма төрағасының міндеттерін атқарған Шолпан Нұрымбет басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі ретінде қызметтін жалғастырады.

Рейнис Рубенис кейінгі 25 жыл бойы Еуропаның қаржы нарықтарында жұмыс істеп келеді, ол компанияларды жетекші орындарға шығаратын тәжірибелі және тиімді басқарушы тұлға ретінде танымал. Кейінгі 14 жылда Рейнис Латвиядағы ең ірі банк Swedbank-те қызмет атқарды, оның ішінде 5 жыл басқарма төрағасы қызметінде болды. Сонымен бірге Рейнис Nasdaq Латвия директорлар кеңесінің мүшесі және Латвияның орталық депозитарийі директорлар кеңесінің мүшесі болды. Рубенис мырзаның жетекшілігімен Swedbank командасы активтері мен клиенттерінің саны бойынша Латвия нарығында көшбасшы болды, цифрлық қаржылық сервистерді сәтті енгізіп, елдің ең күшті HR брендін қалыптастыра алды.

Жаңа CEO негізгі стратегиялық бағыттарға – процестердің тиімділігін арттыруға және нарыққа жаңа сервистерді жеткізу жылдамдығын арттыруға назар аударады. Клиенттер тәжірибесін басқарудағы эволюция, еуропалық институттың корпоративтік мәдениетті дамыту, сонымен қатар жергілікті және жаһандық компаниялармен серіктестік бағдарламаларын құру алдағы өзгерістердің маңызды негізі болады.

Рейнистің тағайындалуына қатысты пікір білдіру барысында ForteBank мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов келесілерді атап өтті:

Рейнистің жоғары бәсекелес нарықтарда жетекші қаржы институттарын құру және едәуір кәсіби сараптама жасау тәжірибесі бар. Рейнис өзінің көпжылдық карьерасында оның мықты тұсы нарық қатысушыларымен, реттеушілермен және серіктестермен өзара тиімді қарым-қатынас орнату қабілеті екенін дәлелдеді. Оның тәжірибесі мен күш-қуаты банкке өз клиенттері үшін ең жақсы тұтынушылық тәжірибе қалыптастыруға көмектеседі және бүкіл команданы табысқа жетелейді.

Рейнис Рубенис те қызметінің жаңа кезеңі туралы жақсы пікір білдірді:

Forte-нің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және акционерлерге көрсеткен жоғары сенімі үшін алғыс айтамын. Өз тарапымнан банктің табысы мен әрбір клиенттің әл-ауқатын нығайту үшін барлығын жасайтынымды сенімді түрде айтқым келеді. Бүгіннен бастап біз Forte-ні клиенттердің сенімі мен сүйіспеншілігіне ие еуропалық банк ретінде қалыптастырамыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз