Алексей Цой: Вакцинациядан өткендер Pfizer-дің бір дозасын ақылы алуына болады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Мүмкіндік болады. Ақылы вакциналар жеткізілгенде, тұрғынның шешімі бойынша, бір немесе екі доза вакцина алуына мүмкіндік береміз, — деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

Ол әр адамның шешіміне байланысты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен халықаралық ұсынымдар аясында ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасын алу ұсынылады. Азаматтар қаласа,(толық курсты алуды — ескерт.) өз қалауы бойынша, — деді министр.

Екі жағдайда да вакцинация төлқұжатында адамның Pfizer вакцинасының бір немесе екі дозасын алғаны көрсетіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да