Қала билігі мәліметінше, «Қалқаман» бекеті Абай даңғылы бойында, солтүстік жағында, Әшімов көшесінің қиылысында орналасады.
Батыс бағыттағы желіні дамыту алдын ала Абай даңғылы бойымен, одан әрі Алатау даңғылының бойымен Райымбек даңғылына дейін қарастырылған, — деді Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.
Осылайша Наурызбай әкімдігінен солтүстікке қарай Алатау даңғылы бойында бірінші бекет орналасады деп жоспарланған.

Екінші бекет Алатау даңғылы бойында, Төле би көшесі қиылысында орналасады.
Үшінші бекет «Барлық» базары аумағында, Райымбек даңғылының оңтүстік жағында, жол бойында орналасады.
Болашақ станциялардың нақты орны іздестіру жұмыстары аяқталып, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін анықталады.
Айта кетейік, 8 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы метросының жаңа бекеттері бағытына түзету енгізілгенін айтқан еді
