Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай отшашу атылады

Бұл туралы Алматы әкімдігінің мәдениет басқармасы мәлімдеді.

Отшашу Астана алаңында (ҚБТУ) сағат 21.00-де басталады.

Қала әкімдігі сонымен бірге мерекеге орай Алматыда 110-нан аса түрлі іс-шара өтетінін хабарлады:

  • 15 желтоқсанда №1 оқушылар үйінде «Жасай бер, қазақ елі» атты концерт өтеді;
  • Осы күні Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылады. Оған мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады;
  • Жастар Сайран көлі жағасында экоакция өткізеді;
  • 16 желтоқсанда «Тұран» университеті флэшмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында «Абылай хан» операсының премьерасы болады.
  • Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс-шара өтеді.