Денсаулық сақтау министрлігінің 1 қарашадағы мәліметі бойынша, 46 492 адам (–40 793 + және 5 699 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 8 412 науқас, амбулаторияда 38 080 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 590 адамның жағдайы ауыр, 149 пациенттің жағдайы өте ауыр. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 395 адамнан коронавирус анықталды.
