Атырауда «Саналы ұрпақ» слеті өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау универсиетінде қоғамда сыбайлас жемқорлық, адалдық, парасаттылық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті.

Олардың қызметі құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға бағытталған.

Ісшараға арнайы қонақ ретінде «Саналы ұрпақ» республикалық клубының жетекшісі К.Токушев, сондай-ақ Атырау облысы бойынша сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Мамыт, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі
А. Адиева және орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қазақстанның жарқын болашағы білімді, талапты және зиялы жастардың қолында. Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ғылым мен білім сапасын дамыту және арттыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жою мақсатында білім беру мекемелерінде Агенттіктің бастамасы бойынша«Sanaly urpaq«, «Адал ұрпақ« жобалары іске асырылуда. Қазіргі уақытта 23 колледж бен 3 жоғары оқу орнында 700 – ден астам мүшесі бар, — деп атап өтті Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.

Слетте парасаттылық идеясы негізінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша білім беру, ақпараттық сипаттағы кешенді шаралар айтылды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды, студенттер өздерінің бейнепрезентацияларын ұсынды, оларда сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдыққа деген көзқарасын көрсетіп, қоғамның парасаттылығына шақырды, өздерінің актерлік қабілеттерін көрсете отырып, сюжеттік қойылымдарды дайындады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу ісіндегі ең белсенді және ерекше көзге түскен жастар дипломдар және грамоталармен марапатталды.