Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қазандағы мәліметі бойынша, 53 289 адам (–46 444 + және 6 845 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 9 150 пациент, амбулаторияда 44 139 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 669 адамның жағдайы ауыр, 194 пациенттің жағдайы өте ауыр. 130 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

СтатистикаАйта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 985 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.