Ақтөбе облысы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа өтті

Ақтөбе облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақтан «жасылға» өтті. Өңірде кейінгі тәулікте 78 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Бүгінде «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта қалды.

Ал «жасыл» аймақта Шымкент пен Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облыстары тұр.

Матрица

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 985 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да